Атырауда 4 айлық баласын 38 рет пышақтаған әйелдің соты басталды.
Облыстық соттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, сот процесі мамандандырылған медициналық мекемеде емделіп жатқан айыпталушының қатысуынсыз өтіп жатыр. Айыпталушының күйеуінің айтуынша, әйелінің тарапынан балаға зиянды келтіру әрекеті бұрында да кездескен. Баласын өлтірген күні күйеуі үйінде болмаған.
«Айыпталушы әйел баласының жылауын тоқтатпағанына ашуланып, ас үйден пышақ алып келген. Ол баланың кеудесіне 30-дан астам пышақ салған. Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды» - дейді мемлекеттік айыптаушы Нұрболат Әбілов.