АТЫРАУ ЖОЛДАРЫНАН АНЫҚТАЛҒАН АЛПЫС ЖЕТІ АҚАУ ЖОЙЫЛДЫ

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының мамандары жыл басынан бері 74 нысанға 903 рет тексеріске шықты.

Оның 34-і жолдарды қыс мезгілінде күтіп ұстау кезіндегі тексерулер. Жолдардан анықталған 335 ақаудың 70-і өрескел. Бұл туралы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК АОФ Сапа және мемлекеттік есеп бөлімінің басшысы Нұрдан Жантурин айтты.

Анықталған  кемшіліктер бойынша тапсырыс беруші мен күтіп ұстайтын «Қазақавтожол» ЖШС-не ұсыным хат жолданған. Нәтижесінде 67 кемшілік жойылған. Мәселен, «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолының кейбір бөліктерінде отырған жол жиегі тегістелген. Сонымен қатар, Қарабатан елді мекені, Мақат кенті және  Құрманғазы ауданы аумағындағы республикалық жолда асфальт бетіне түскен сызаттар жойылған. Дәл осындай сызаттар «Құлсары-Доссор» аралығында және «Атырау-Орал» тас жолының Индер ауданы тұсында да анықталып, қалыпқа келтірілген.

Филиал мамандары жыл басынан бері Атырау облысында салынып жатқан жолдардың құрылысына пайдаланған материалдардан 1614 сынама алды. Оның 235-і ҚР Стандарттарына сәйкес емес.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК АОФ баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз