25 қыркүйектен бастап қатынайтын пойыздардың тізімі жарияланды.
Атырау және Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің хаттары негізінде және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімі бойынша 2020 жылғы 25 қыркүйектен бастап Атырау және Маңғыстау облыстарына жолаушылар пойыздары қатынай бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
1) №37/38 «Маңғыстау – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» пойызы Маңғыстаудан 26 қыркүйектен бастап, Нұр-Сұлтаннан 28 қыркүйектен бастап жөнелтіледі;
2) №41/42 «Атырау – Алматы-1» пойызы Атыраудан 26 қыркүйектен бастап, Алматыдан 28 қыркүйектен бастап жөнелтіледі;
3) №47/48 «Атырау – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» пойызы Атыраудан 25 қыркүйектен бастап, Нұр-Сұлтаннан 27 қыркүйектен бастап жөнелтіледі;
4) №77/78 «Алматы-2 – Маңғыстау» пойызы 25 қыркүйектен бастап Алматыдан және Маңғыстаудан жөнелтіледі;
5) №309/310 «Маңғыстау – Ақтөбе» пойызы Маңғыстаудан 25 қыркүйектен бастап, Ақтөбеден 26 қыркүйектен бастап жөнелтіледі;
6) №313/314 «Атырау – Маңғыстау» пойызы Атыраудан 25 қыркүйектен бастап, Маңғыстаудан 26 қыркүйектен бастап жөнелтіледі;
7) №691/692 «Ақтөбе – Атырау» пойызы 25 қыркүйектен бастап Ақтөбеден, 26 қыркүйектен бастап Атыраудан жөнелтіледі.
Жолаушылар санитарлық талаптарды, әлеуметтік қашықтықты (кемінде 1 метр), вокзал аумағында және пойыз ішінде маска режимін қатаң сақтайды.