Атырау қаласында жаппай дезинфекциялау жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
«Атырау облысының әкімдігі 25 наурыздан бастап Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінен жасақталған топтың көмегімен өңірдегі маңызды нысандарды дезинфекциялауды бастайды. Іс-шараны арнайы даярлықтан өткен Қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшелері жүргізеді. Дезинфекция жұмысы автомобильге орнатылған АРС-14 қондырғысымен атқарылады. Алғашқы кезекте теміржол вокзалы, автовокзал мен әуежайдың маңы, сонымен қатар, «Исатай-Махамбет» алаңы дезинфекцияланады. «Жұмыс күн сайын сағат 09.00-ден кешкі 18.00-ге дейін созылады. Арнайы қорғаныс киімін киген әскери қызметшілер арнайы жуу құралдары мен «Рубеж» дезинфекциялық ерітіндісі бар газсыздандыруға арналған жиынтықты қолданады. Ерітінділер адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз» -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметінен.