Ол Атырауға коронавирустық инфекция бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында жіберілген.
Сәдуақас Байғабылов Атырау облысының бас санитарлық дәрігері болып тағайындалды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сәдуақас Байғабылов 2020 жылдың 31 наурызынан бастап көліктегі бас санитар дәрігер болып жұмыс жасады. Бұған дейін Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері қызметін атқарды. 2018-2019 жылдары Нұр-Сұлтанда Тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментін (Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері) басқарды.