Атырау облысында карантин тағы ұзартылды (+қаулы мәтіні)

Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамыздағы № 64 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» 11.09.2020 жылғы № 65 Қаулысы

Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 14 қыркүйек сағат 00:00-ден 28 қыркүйек сағат 00.00-ге дейін шектеу шаралары ұзартылсын.

2.Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамыздағы № 64 «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

3) InfoKazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және шахматтық отырғызу тәртібі бойынша әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, үзіліс кезінде үй-жайларды желдету, медициналық бетперде кию арқылы жалпы сыйымдылығы 50%-дан аспайтын және 50 адамнан аспайтын мәдени нысандардың,театрлардың кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне рұқсат етілсін;

2) 4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 5) InfoKazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып , сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін жалпы сыйымдылығы 30% - дан аспайтын, бірақ 50 адамнан аспайтын бассейндердің қызметіне алдын ала жазылу бойынша рұқсат етілсін;

3) 4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

7) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып,сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін бір адамға 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, жалпы сыйымдылығының 30% - нан аспайтын сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктердің), сауда желілерінің қызметіне рұқсат етілсін;

4) 4-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

9) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша 15 адамнан аспайтын тобы бар балалар түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектердің оқу орталықтарының, оңалту орталықтарының қызметіне рұқсат етілсін 5) 4-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

10) InfoKazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша бірадамға кемінде 4 ш. м. есебінен СПА-орталықтардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін орталықтар мен салондардың, маникюр және педикюр қызметтеріне рұқсат етілсін;

6) 4-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

11) InfoKazakhstan.kz порталына тіркелу арқылы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып,медициналық бетперде кию арқылы, алдын ала жазылу бойынша, бактерицидтті лампалар болған жағдайында жалпы сыйымдылығы 30%-дан аспайтын және 50 адамнан аспайтын жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың,спорт секцияларының, спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат етілсін;

7) 4-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 14)мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік секторлардың, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ қызметтері рұқсат етілген кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат берілсін. Сонымен бірге қызметкерлердің кемінде 60% -ы (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда) қашықтан жұмыс режимі сақталсын;

3. Демалыс және мереке күндері келесі шектеу шаралары ұзартылсын:

10) 5-тармақтың 1), 2), 5), 7), 8), 9), 10-тармақшалары алынып тасталсын;

11) 5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

6) балалар түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектердің оқу орталықтарының, оңалту орталықтарының қызметін тоқтата тұру.

4. Аталған қаулының орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын

5. Қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

А.Шаров,

Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT