Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басқарма басшылары 2019 жылы Департаментпен атқарылған жұмыстар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде баяндады.
Брифингте Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Шолпан Қайненованың айтуынша, өткен жылы облыста 132 мемлекеттік қызметші ішкі конкурс нәтижесімен жоғары лауазымға тағайындалды. ЖАО-дағы бос лауазымдар саны - тұрақты 145 орын, уақытша 96 орынды құрайды. Атырау облысы бойынша 264 мемлекеттік орган (ЖАО - 209, ОМО - 55) "Е-қызмет" ЫАЖ толық енгізіліп, 100% штаттық режимде қызмет атқарады.
Сонымен қатар Атырау облысынан 5 үміткер "Президенттік жастар кадр резервіне" қабылданды. Брифингте сөз алған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Данияр Алтыбайдың айтуынша, Атырау облысы бойынша барлығы 4 020 496 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімдерімен 1 589 444 қызмет, ал жергілікті атқарушы органдармен 2 431 052 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Электронды түрде көрсетілген қызмет 86,3%-ды құрайды.
Өткен жылы басқармамен мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша азаматтармен 347 кездесулер, жиналыстар ұйымдастырылып, олардың құқықтарына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар өткен жылы Департаментке мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты 54 шағым түсіп, түскен шағымдар бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде 24 шағым иесінің уәждері өз дәлелін тауып, құқықтары толықтай қорғалды. Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызмет беруші органдарымен 3002 заң бұзушылық фактілері анықталып, 37 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Динара Курумбаеваның баяндауынша, 2019 жылы Атырау облысында Әдеп жөніндегі кеңестің 8 отырысы өткізіліп, 39 сұрақ қаралды.
Сондай-ақ есептік кезеңде басқармаға 175 өтініш келіп түсіп, 69 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 232 мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзушылық анықталды. Департамент жүргізген талдауға сәйкес мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының отырысында қарамай, тәртіптік жауаптылыққа тартылған мемлекеттік қызметшілер саны - 555, оның ішінде ескерту - 395, сөгіс - 141, қатаң сөгіс - 19 болғаны анықталды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Атырау облысы бойынша
департаментінің баспасөз қызметі