Атам туралы естелік(ВИДЕО)

Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл.

Сол бір сұрапыл жылдары қан майданға көптеген Қазақстан азаматы аттанды, олардың жартысынан көбі елге оралған жоқ. Ұлы Отан соғысы кезінде қазақ жауынгерлері ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Ел үшін жауға қарсы тұрған майдангерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмауы тиіс. Осыған орай ұрпақтары  естіген естеліктері бойынша шығармаларын жазуда.

Атам Иманғалиев Үсенғали 1920 жылы 7 тамыз күні дүниеге келген. Мен атамды көрмедім. Бірақ әкем атам мен әжем туралы айтып береді. Атам 1939 жылы 19 жасында Кеңес-Фин соғысына майданға аттанып,1940 жылы жеңіспен оралады. Ал содан кейін 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталған кезде атам 21 жаста болған.

imangaliev2804201

Үйде атамыздың 12 ордені бар. Атамыз жиын-жиналыстарға ардагерлік төсбелгілерді тағып баруды құп көрмеген. Сол себепті, әр медальдің белгілерін құрастырып, жинақ жасатқан.

Майданнан 1943 жылы басынан жарақат алып, оң қолы мен сол аяғына зақым келіп, денсаулығына байланысты елге оралады. Мен әжемді де көрмедім. Әжем тылда еңбек еткен, мінезі жұмсақ болған екен. Атам майданнан оралған соң Талқайраң ауылының мектеп басшысының қызметін атқарса, әжем сол мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болған. Шаңырақ көтеріп, 5 ұл, 3 қыз тәрбиелеген,ата-әжем әр баласын адалдық пен жауапкершілікке баули білген. Атам 1995 жылы 23 наурызда 75 жасқа қараған шағында мәңгілік сапарға аттанады. Атам өле-өлгенше тәртіпті талап еткен, мінезі қатал, ызғары көзінен көрінетін жан болған екен.

Бүгінде атамның ауылымыздағы ардагерлерге арнап қойылған ескерткіш тақтада есімі жазылған. Ал әжеміз 2010 жылы 6 шілде күні 86 жасында дүниеден озыпты. Әулетімізде көп жылдардан бері сақталып келе жатқан дәстүр бойынша, 9 мамыр күні қасиетті қара шаңырақта басқосамыз.

Асқар Мейрамбекұлы,

Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебінің

МАД тобының оқушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT