Еліміздің ертеңі бүгінгі жастардың қолында, демек әрбір қазақстандық жастардың бойында отаншылдық сезім жоғары болуы керек.
Жуырда «Өнерпаз» мәдениет үйінде Алматы қаласындағы ҚР ҚМ Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының өкілдері подполковник О.Дүйсембаев пен майор А.Майлыбаевтың қатысуымен кездесу өтті.
Олар мектеп оқушыларын әскери оқу орындарына қабылдау шарттарымен таныстырып, үміткерлерге кәсіби бағытта түсініктер берді. Осыған орай мектеп бітіріп, ұлттық бірыңғай тест тапсырған мектеп бітіруші түлектерді және 9 сыныпты бітірген ер азаматтарды әскери оқу орнына шақырады.
Егер Сіз өз болашағыңызды әскери өмірмен ұштастырғыңыз келсе, білікті офицер болуды армандасаңыз, Махамбет ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келіп те, толық ақпарат алуыңызға болады.
Оқуға түсуге ниет білдіретін түлектерге мына мекен-жайға хабарласуын сұраймыз: Абай көшесі, №11, тел.2-18-99, 2-14-70.
Е.Төлешев,
Әскери даярлық,
әскерден тыс жұмыс,
БӘД және ӘТ мектептер жөніндегі қызметкер