Арманы асқақ Ару

Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар.

Көзі ашық, көкірегі ояу кез келген білімді ұрпақ өз Отанының дамуы жолында аянбай тер төгеді. Қазіргідей бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда «алма піс, аузыма түс» деп жатудың өзі әбестік. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету әркімнің міндеті.

Осы орайда ауданымыздың белсенді жасы Ару Қанатқызы Аманғалиева туралы сөз қозғамақпыз. Бітірген саласы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ол қазіргі таңда аудандық кітапханада жұмыс жасайды. Өзін жан-жақты танытып, қай салада болмасын сынап көргенді жақсы көретін Ару қоғамдық жұмыстарда да жастармен бірге жүреді. «Нұр Отан» аудандық партиясының «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі. Жеткен жетістіктері де баршылық.

Атап айтсақ, биыл Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталып, 2019 жылы «Үздік белсенді жас» аталымына ие болған. «Самғау» жобасының ауылдық тренері, «Nurotan» партиясының праймериз жобасының қатысушысы. Бос уақытын тиімді өткізгенді жөн деп білетін ол өзін дамыту үшін қалаған ісімен шұғылданып, отбасылық шағын кәсібін дөңгелетуде.

-Осыдан бір жыл бұрын әкемнің туған күніне ру таңбасына тапсырыс берген болатынбыз. Уақыт өте келе неге өзімде жасап көрмеске деген ой келді. Содан кейін қажетті заттарын алып айналыса бастадым. Қазір шүкір тапсырыстар түсіп тұрады. Алдыма қойған жоспарларым өте көп. Отбасым, жұмысым, болашағымды тек жоғары биіктен көргім келеді. Отбасымның мен үшін қуанып, мен үшін мақтанғанын қалаймын. Ең бастысы, ел алдында абыройлы азаматша болу. Мақсатыма өз күшіммен жеткім келеді,- дейді Ару.

Құндыз МЕҢДІҒАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT