"Ардагерлерді ардақтайық" жобасы

9-мамыр Жеңіс күніне орай, "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында "AMANAT" партиясы Махамбет аудандық филиалының атқарушы хатшысы Б.Мұхамбетқалиев және Махамбет аудандық жастар ресурстық орталығы басшысы А.Қонысбаев, аудандық маслихат депутаты Е.Қуанышев тыл еңбеккерлері Ұ.Бимағанбетова, С.Қуанышев  және Х. Маханованың  шаңырағына барып,  Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.

Ардагерлерімізге тәуелсіз еліміздің жаңа жетістіктеріне куә бола берулеріне тілектес екенін жеткізді. 

- Қасиетті де ұлы мереке қарсаңында Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында біздің халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символы болып келеді. Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз. Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі. Сіздерге  шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілейміз- деді Ақжол Сатыбалдыұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT