Ардагерлер Жолдауды қолдайды

Құқық қорғау саласын үлкен реформалар күтіп тұрғандығын, өзі осы саланың ардагері болғандықтан аудандағы қылмыстың ашылуы жөнінде салыстырмалы түрде ой топшылады.

-Қазір тәртіп сақшылары жан-жақты жаңа технологиялармен қаруланған. Көшелерде қаптаған камера, рациямен қамтылған көлік құралдары полицияның қызметін біршама жеңілдетеді. Соған қарамастан, қылмыстың ашылуы төмен деңгейде. Мал ұрлығы тиылмай отыр. Жолдаудағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, әсіресе балаға қатысты қылмыстық жазаны қатайту туралы ұсыныстары көңілге қонымды. Бір сөзбен айтқанда, Елбасы Қ.Тоқаев халықтың көкейнде жүрген өткір мәселелерді дөп басып отыр. Сондықтан әрбір қазақстандық азамат Жолдауды қолдап, оған нақты іспен жауап беру керек деп ойлаймын. Қай істі бастау үшін де, ұйымдастыру үшін де білім, тәртіп, тәжірибе керек. Сонда ғана нақты қорытынды күтуге болады. Аудан ардагерлері Елбасы Жолдауын қолдайды, үгіт-насихат жұмыстарынан тыс қалмайды деп сендіремін.

Н.Сәменов,

ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT