«Алтын жүректі» кәсіпкер – Нұржан Аханов

Қазақ ұғымындағы «Атымтай жомарт» туралы тәмсілдер қолы ашық мәрт жандар мен жампоздар жайында сыр шертеді. Ен байлықты еңсеру, оны парасат-пайыммен жұмсау, қасындағыларға қайырымдылықпен қарайласу қанмен келетін қасиет болса керек. Біз сөз еткелі отырған жерлесіміз Нұржан Аханов та «елі ерге қарағанда, ері жерге қарамаған» азаматтың бірі.

Пандемияның жаналқымнан алған уақытында қос өкпесі қысылғандарға оттегі аппараты жет­пей, жан-жақтан көмек берушілер табылып жатты. Солардың ара­сында Нұржан ағамыз да бар еді. Ол аурухана ұжымына қос оттегі аппа­ратын алғашқылардың бірі болып сыйға тартып, мәрттік танытқан-ды. Таңдай ауылындағы мешіт те жерлесіміздің қолдауымен салы­нуда. Онымен қоса спортшыларға да қолдан келгенше көмек беруге ұмтылып келеді. Үш дүркін Әлем және Азия чемпионы Рахия Мол­дашева өткен жылы чемпиондық атақты қорғап келген уақытта арда­гер спортшының Румыния еліне ба­рып-келу шығындарын өз мойнына алған болатын. Тұрмысы төмен отбасылардың мұң-мұқтажына ортақтасып, көмек қолын созуды да азаматтық парызы санайды.

ae718313-4e10-49c1-8204-7a1150e86f4b

– Нұржан бауырымыздың аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетіп жатқан көмегі зор. Былтыр ерекше бала­лар арасында «Біздің қолымыздан бәрі де келеді» атты шара өткізіп, сол конкурсқа қатысушылардың барлығына ақшалай көмек берді. Ермұрат Тілек есімді інімізге пульт арқылы басқарылатын қоларбаны сыйға тартса, Ақжол Кенжеғали ініміздің компьютерді еркін меңгергенін естіп, білімін шыңдап, оқытып, жұмысқа орналастыруға уәдесі н берд і . Онымен қоса мүмкіндігі шектеулі жандардың кәдесіне арнайы берілген инватаксидің де уақытылы жүруіне, жөндеуіне қолдауын көрсетіп келеді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демей ме, ендеше осын­дай қайырымды азаматтардың елі үшін жасап жатқан жұмыстары Ал­ладан қайтсын дегім келеді,-дейді «Ақжол» мүгедектер қоғамының төрағасы Қ.Құрмашев.

Есенбай Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебін тәмамдағаннан кейін Атырау мұнай және газ институтының «Құрылыс инженері» мамандығына оқуға түсіп, оны ойдағыдай аяқтап шыққан Нұржан Амангелдіұлы алғашқы еңбек жолын өз мамандығы бой­ынша өңірдегі ірі өндіріс орны «Не­фтестройсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен бастайды. Кейін «КаспийМұнайГаз» АҚ- ның құрылыс бөлімінде бас маман, «НұрПроектИнвест» ЖШС-інде ди­ректоры қызметтерін атқарған. 2010 жылдан бастап жүрек қалауымен кәсіпкерлік салаға бет бұрады. Осы­лайша «Сала» және «General Project & Construction» серіктестіктерін құрған.

677a09d5-4580-4f12-8ccf-ecabce59881b

– Кісіге қамқор болу, мейлінше жомарттық таныту – ол бақай есеп­пен жасалатын іс емес, қайтарымын күтпейтін жақсылық, қанға біткен қасиет. «Алтын алма – алғыс ал, алғыс алтын емес пе?» деген қанатты сөз бар. Жақсы адам қашанда жақсы істі жалғастыруды жаны сүйеді. Сол жақсы ісі халықтың игілігіне, қажетіне жарап жатса, оның арманының орындалғаны, халық сүйіспеншілігіне бөленгені деп түсінген жөн шығар, - дейді кейіпкеріміз.

«Спорт десе, ішкен асын жерге қоятын» жандардың бірі екендігін де анық байқадық. Қазақстан жауынгерлік өнер ассоциациясының Атырау облысы филиалының вице- президенті, Қазақ күресі ассоци­ациясы облыстық филиалының басшысы, Ұлттық Республикалық Каратэ Киокушинкай-кан федерациясының облыстық фе­дерация президенті Нұржан Аха­нов он жылдан бері облыста ка­ратэ спортының дамуына қолдау білдіріп келсе, қазіргі таңда «Аты­рау» минифутбол командасының құрылтайшысы ретінде шағын футболға көмегін беріп келеді. Еліміздің спорт және дене шынықтыру саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің та­рихи құндылықтарын сақтап, са­ланы дамытуға қосқан үлесі үшін өткен жылы Қазақстан Респу­бликасы Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хатымен марапатталған. Құрылғанына аз ғана уақыт болса да былтыр «Атырау» футзал командасы ел біріншілігінде ІІ орынды иеленіп, Чемпиондар ли­гасына жолдама еншілеген еді.

24c13d13-0ee7-4319-bd9f-1e3366b52629

– 2013 жылы баласын каратэ спортына алып келген Нұржанмен содан бері жақсы қарым-қатынастамыз. Оның бойында көшбасшылық қасиетпен қатар қарапайымдылық пен мейірімділік ерекше үйлесімділікпен кездеседі. Көздеген шыңдарын бағындырып, діттеген мақсаттарына жетуіне тілектестік білдіремін. Ол басшылық етіп отырған кіші фут­бол клубы Атырау тарихында болмаған нәтижеге қол жеткізді. Киокушинкай-кан федерациясы жүйелі түрде нәтижелі және жемісті, жеңісті жұмыс жасап келе жатыр. Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясы өз жұмысын беделді жүргізіп бастап, жақсы нәтижеге қол жеткізетіндігімізге сенемін,- дейді киокушинкай-каннан аға жаттықтырушы, қара белбеу иегері Таңат Нұрымов.

Асылы, «байлық – мұрат емес, жоқтық – ұят емес» дейтін қазақ мақалы байлықты мақсат-мұрат санамаған, оны тек басқаға жанашырлық танытып, көмек көрсету мүмкіндігі деп қарайтын жандар жөнінде айтылған ғой. Шәкәрім ақын айтқандай, «Адамдық борышың, халқыңа еңбек қыл» тәмсілі Нұржан Амангелдіұлының өмір бойғы темірқазығы іспетті. Жақсылық жасау бір жарнама, мақтан үшін болмағандықтан, бұл да азаматтың өз арының алдындағы мақсаты, парызы. Ал парызды ұғынып, ұлтқа қызмет етуге белсене кірісу ұрпақтар сабақтастығында ең жақсы көрініс беретін дүние.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT