Айыппұл тұрағына бір аптада 270 борышкердің автокөлігі қойылды

Атырауда бір аптада айып тұрағына 270 борышкердің автокөлігі қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Борышкер» жедел-профилактикалық шарасына 250 полицей мен жеке сот орындаушылары қатысты. Шараның мақсаты – ішкі істер органдары салған әкімшілік айыппұлдарды өндірудің тиімділігін арттыру. Жұмыс нәтижесі: бір аптада 20 млн доллардан аса қаражат өндірілді. 270-ке жуық борышкер-жүргізушілердің көлігі айыптұраққа жіберілді, олардың 140-ы «Автоуроган» жылжымалы кешенінің көмегімен анықталды. Айып тұрағына жіберілген 170 автокөлік Ресей Федерациясында, 70-тен астамы – Армения Республикасында тіркелген», - деп хабарлады аймақтың ПД баспасөз қызметі.

Мекеменің мәліметі бойынша, ЖБО бақылау камералары анықтаған, жол ережесін бұзған тағы 1100 азаматқа жалпы сомасы 9 миллион теңге болатын айыппұл салынды.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT