«7-20-25» бағдарламасы бойынша берілген несие көлемі 100 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Баспана» ипотекалық ұйымына сілтеме жасап.
«7-20-25 бағдарламасы бойынша жалпы құны 101,9 млрд теңге болатын ипотекалық несие мақұлданды. Бұл Қазақстан бойынша 8844 отбасы тиімді шарттармен баспанаға қол жеткізді деген сөз», - деді компаниядан.
Жылжымайтын мүлік саласының сарапшылары хабарлағандай, бұл қазіргі таңда кез келген азаматқа жылына 7 пайыз мөлшерлемемен 20 жылға пәтер алуға мүмкіндік беретін ең тиімді бағдарлама болып отыр.
Ипотекалық несиелерді Сбербанк, Банк ЦентрКредит, Халық банкі, Еуразия банкі, АТФБанк, Jysan банк, Банк РБК, ForteBank береді. Аталған бағдарлама Қазақстан азаматтарының өз баспанасына қол жеткізуіне мүмкіндік беру үшін ашылған.
«Баспана» ұйымының хабарлауынша, аталмыш бағдарлама Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында белсенді жүргізіліп келеді.
Материал ашық дереккөзден