42500 теңге: Қайта қарауға өтініштер желтоқсанға дейін қабылданады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты 42500 теңгені алуға құқығы жоқ деп танылған тұрғындардың өтінішін 1 желтоқсанға дейін қайта қарайтындарын мәлімдеді.

Бұдан бұрын 42 500 теңге әлеуметтік төлемін тағайындау туралы өтінішіңізге бас тарту туралы шешім қабылданған болса, өтінішіңізді қайта қарау мүкіндігі берілуде. Ол үшін аудандық (қалалық) штабқа растайтын құжаттармен бірге тиісті өтініш беруіңіз керек. Шағын және орта бизнес, ірі кәсіпкерлік қызметкерлері, коммерциялық емес заңды тұлғалар үшін өтінішті жұмыс беруші тарап бере алады.

Бұл ретте өтініш тек әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту (оны тоқтату) туралы шешім қабылданған қызметкерлер үшін берілетінін ескерген жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар болса, өздеріне қатысты әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту (оны тоқтату) туралы шешім қабылданған жағдайда, шешімді қайта қарауға өз бетінше өтініш бере алады.

1 қыркүйек сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 607 мыңнан астам бірегей өтініш қабылданды. Төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 391,4 мың қазақстандық алды. Оның ішінде 2 млн 384,9 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, - делінген хабарламада.

Дереккөз:BAQ.KZ

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521