2023 жылдың соңына дейін АМӨЗ-дегі алты резервуарға понтондар орнатылады

Атырау мұнай өңдеу зауытында технологиялық шығындар мен қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтуға бағытталған бағдарлама аясында мұнай және мұнай өнімдерін сақтайтын резервуарларды понтондармен жабдықтау жұмыстары жалғасуда.


Понтондар – резервуарларда сақталатын өнім бетінің 90%-дан  астамын жабатын диск тәрізді қатты конструкция. Понтондарды пайдалану өнімнің булануына жол бермейді және сол арқылы қоршаған ортаға келтірлетін зиянды азайтады. Бұдан бөлек понтондар өнімнің сапасын сақтап, нысандағы өрт және жарылыс қаупін азайтады. 
2022 жылы тауарлық бензин сақтауға арналған әрқайсысының көлемі 5000 м3 болатын үш резервуарға понтондар орнатылды. Сыйымдылықтардың геометриялық көрсеткіштері әртүрлі болғандықтан, оларды АМӨЗ-дің арнайы тапсырысы бойынша Maxwell Continental Tank Serv Engineering B.V. (Нидерланды) компаниясы әзірледі. 
Қолданыстағы резервуарларды жабдықтау бағдарламасына сәйкес, 2023 жылдың соңына дейін бензиндер мен мұнайды сақтауға арналған  тағы алты резервуарға  понтондар орнатылмақ.  Қазіргі уақытта зауыттың және мердігер компаниялар қызметкерлерінің күшімен  резервуарларды ашу, босату, жөндеу, тазарту және түбіндегі қалдықтарды шығару жұмыстары жүргізілуде.
2025 жылдың соңына дейін зауыттағы 21 резервуарға понтондар орнатылады деп жоспарланған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT