Елорда уақытымен сағат 12.00-де бір минуттық үнсіздіктің тікелей көрсетілімі болады.
13 шілдеде сағат 00.01-де ел бойынша мемлекеттік органдардың, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарында мемлекеттік Ту түсіріледі.
Елорда уақытымен 13 шілде күні сағат 12.00-де республикалық телеарналар эфирінде Мемлекет басшысының қатысуымен бір минуттық үнсіздіктің тікелей көрсетілімі ұйымдастырылады.
Мемлекет басшысымен бір мезгілде Атырау облысының, сондай ақ, еліміздің барлық аймақтарының әкімдері әкімдік ғимараттарының алдындағы алаңға шығып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алады деп күтілуде. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өкілдері, әскерилер, дәрігерлер қаза болған адамдарды құрметтеу мен еске алу белгісі ретінде киімдеріне қаралы таспа тағады.
Еске сала кетелік, 2020 жылдың 13 шілдесін ел Президенті коронавирустық инфекциядан қаза тапқандар жөніндегі Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Сурет: дереккөз