Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарын әшкерелеуге көмектескені үшін облыс тұрғыны 12,2 миллион теңге сыйақы алды.
Бұл параның жалпы сомасының 10% құрайды. 2022 жылы барлығы 40,6 миллион теңгеге 134 азамат көтермеленді. Ең үлкен сыйақы көлемі Атырау және Қызылорда облыстарында берілді.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ашуға жәрдемдесетін азаматтарды көтермелеу қағидаларына сәйкес төлемдер азаматтар хабарлаған адамдарға қатысты сот үкімі шығарылғаннан кейін жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы кез келген азамат 1424 телефоны бойынша Антикордың Call-орталығына хабарлай алады немесе жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін әр аумақтық департаменттің Antikor Ortalygy-на бара алады.