Тәуелсіздікке арналды

Мереке қарсаңында аудандық кітапханада «Тәуелсіздік-ұлттық рух жемісі» танымдық кеші өтіп, оған О.Шонаев, Д.Төленов мектеп-гимназиясы оқушылары қатысты.

Кешті Гүлзира Әлібекқызы жүргізіп отырды. Оқушылар «Тәуелсіздік», «Желтоқсан» топтарына бөлініп, бес кезеңде сынға түсті. Қатысушыларды үш адамнан құралған әділқазылар бағалай білді.

tayelsizkitap

Бірінші кезең «Қанат қақтыда» танымдық сауалдарға жауап берді. Тарихқа байланысты қазақ хандығы құрылуы, Тәуке хан, Шыңғыс хан заңдар жинағы, Абылай хан, Елтаңба, Ту авторларын, Желтоқсан құрбандарын еске түсірді. Екіншісі, «Самғауда» даталар сөйлеп, әр топ сол датаның сырын ашты. Үшінші кезең- «Шарықтауда» «Тұлғалар» мен «Ескерткіштерге» тоқталды.

naykitap

Оқушылар «Жерұйықта» айтқан сөз, жазылған өлең авторын тапты. Олар Желтоқсан құрбаны Қ.Рысқұлбековтің өлеңін, Елбасы Н.Назарбаевтың, Алаш арыстарының бірі- М.Дулатовтың, А.Байтұрсыновтың даналық, нақыл сөздерін тауып жатты. Соңғы «Шырқауда» оқушылар А.Хасанова «Тәуелсіздік», А.Төлепбай «Желтоқсанның желбірейді жалауы», Р.Адамова «Желтоқсан», А.Бимуханова «20 жыл» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кітапханашы Ж.Төлешова «Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік» виртуалды кітап көрмесін мультимедиадан көрсете отырып таныстырды.

Кешті қорытындылаған әдістеме-библиографилық бөлім меңгерушісі К.Суханғалиева жиналғандарды мерекемен құттықтап, сегіз қатысушыны «Алғыс хатпен» марапаттады. Оның ішінде Х.Ғазиз, Г.Жұмағалиқызы, А.Бимуханова, М.Қайрат, А.Хасанова бар. 

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521