Сыр тұнған Сарайшық

Таяуда Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінде «Ұлан-ғайыр елімді мен танығым келеді» туристік –өлкетану жобасы аясында «Ел болашағы- «Жас Ұлан» тақырыбында өткен үшкүндік өткен еді.

saraishyq234

Мектебіміздің 3 сынып «жас қырандарын» жетекшісі Г.Тлепиева бастап, «Шежіреге толы-туған жер» тақырыбында экскурсия ұйымдастырды. Онда оқушыларды ескі Сарайшықтағы қазба жұмыстарына апарып, олар өткен ғасырдағы Сарайшық қалашығын көріп, бір жасап қалды. Өткен ғасырдағы Алтын орда, Ноғай ордасының астанасы болған көне Сарайшық қаласының тарихымен танысты. Балалар сол бағзы замандағы қолдан жасалған қолөнер, тұрмыстық бұйымдар, ыдыс-аяқтар, көне жәдігерлер, әшекей заттар, қару-жарақтар сынықтарын өз көздерімен көріп, қолдарымен ұстап, алған әсерлерімен бөлісті.

saraishyq23

Мектебіміздің 9 сынып жас ұландары тарих пәні мұғалімі Г.Аудановамен бірігіп, «Тарихым – терең тағылым» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шарада Гүлзада апай оқушыларға ауылымыздың тарихын, көне Сарайшық қаласының Алтын орда, Ноғай хандығының ордасы болғанын, ежелгі қазақ хандығының астанасы Сарайшықтың тарихы туралы әсерлі әңгімеледі.

saraishyq23

Оқушылар топқа бөлініп, өз ойларын ортаға салып, постер қорғады. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша мектебіміздің 4 сыныптың «жас қырандары» 4 сынып жетекшісі Л.Бисенғалиева бірігіп, «Өлке тарихы-ұрпаққа мұра» тақырыбында ауылымыздың музейіне саяхат жасап қайтты.

saraishyq233

Оқушылар музейден ауылымыздың ежелгі тарихымен танысып, ежелгі араб жазбаларын, көне ыдыстарды, Сарайшықтағы қазба жұмыстарында табылған қару-жарақтарды, әшекей бұйымдарды көздерімен көріп, таң-тамаша болды.

А.Аймаганбетова,

тәлімгер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT