М.Айтқожинаның шығармашылық кеші өтті

Атырауда ақын, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Марфуға Айтқожинаның "Аққу-ақын" атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлады Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шараға Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, ақынның шығармашылық табыстарға жете беруіне тілектестігін білдірді.

"Өңірімізде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ақын-жазушылардың шығармашылық кештері өтіп келеді. Бүгінде сол үрдіс жалғасын тауып, Марфуға Айтқожинаның кеші өтуде. Марфуға апамыздың өлеңдері әр оқырманның жүрегінен орын таба білді. Сіздің әр өлеңіңізде салмақтылық, терең мағына бар. Сіздің қазақ жұртына арнайтын өлеңдеріңіз әлі де шығатынына сенімдімін. Қаламыңыз мұқалмасын! Бүгінгі кешіңіз құтты болсын", - деді Нұрлан Ноғаев.

aitkojina1

Жыр кешінде сахнадан ақынның өлеңдері оқылып, Атырау қаласының тұрғындарына арнап жазған "Қалайсыңдар, бауырлар" атты әні орындалды. Сонымен бірге, ақынның сөзі мен әніне жазылған басқа да әндер шырқалды.

a

"Бүгінгі шығармашылық кешті ұйымдастырып отырған Атырау облысының әкімдігіне алғысымды білдіремін. Атырау өңірінде өз шығармашылық кешімді алғаш өткізіп тұрмын. Кешті тамашалауға келген әрбір көрерменге, бүкіл Атырау жұртына алғысым шексіз", - деді Марфуға Айтқожина.

BAQ.KZ

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз