«Шабыт шыңындағы» өнерпаздар анықталды

Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, "Jarqyn bolashaq" жастар қоғамдық бірлестігің ұйымдастыруымен 3 желтоқсан күні "Өнерпаз" мәдениет үйінде "Шабыт шыңы" атты аудандық өнер фестивалі болып өтті.

Аспаптың сүйемелдеуімен жанды дауыста өлең айтып, қос өнерді қатар алып жүрген дарынды жандардың басын қосқан бұл фестивальге аудан бойынша бас-аяғы 7 өнерпаз қатысты.

s

Сайыстың шарты бойынша бірінші кезеңде қатысушылар 2016-2019 жыл аралығындағы танымал хит әндерден біреуін орындаса, екінші кезеңде 2010-2016 жылдары тыңдарманның жүрегіне жеткен ретро-хит әндерден попурри айту талап етілді. Негізінен,18-40 жас аралығындағы өнерпаздардар қатыса алатын фестивальде бірі домбыраның құлағында шебер ойнайтынын дәлелдесе, енді бірі баянның көмегімен сан түрлі ырғақты әндерді нақышына келтіре орындап шықты.

shabyt2

Алайда, ұйымдастырушы Дана Ғасырбектің айтуынша, өнер байқауының мақсаты: «Аты айтып тұрғандай, шабыттың шыңына жету. Яғни, дәстүрлі аспаптар мен бүгінгі заманауи музыканы байланыстыру. Екеуіне ортақ үндестікті табу. Елімізге танымал «Ұлытау», «Алашұлы» топтары секілді ұлттық мәдениетіміздің бүгінде жойылмайтынын дәріптеу»-болып табылады.

shabyt4

Бір өкініштісі, қашанда осындай керемет концерттерді көретін көрерменнің аздығы.

Әйтсе де естір құлаққа есті әуендерді орындаған әншілерге әділқазылар алқасы да лайықты бағасын беріп, ұйымдастырушылар тарапынан алғысын білдірді. Фестивальдің қорытындысымен Ақтоғай ауылдық округінен Гүлзада Мырзағалиева, Сарытоғай ауылынан Гүлфайруз Ізбасарова, Алмалыдан қатысқан Нұрлыбек Бисенбаев және Береке ауылынан қатысқан Тахир Изимовқа «Алғыс хат» табысталды. Ал, жүлделі үшінші орын Махамбет ауылы атынан қатысқан Ортақшылдың тумасы, талантты әнші, облыстық патриоттық әндер байқауының жеңімпазы Еламан Гафуровқа бұйырса, екінші орынға талабы мен талғамы ерекше қатысушылардың бірі Бейбарыстан келген Ізбасар Самиғоллаев лайық деп танылды. Жүлделі бірінші орынмен осы саланың кәсіби маманы, аспапты да, әнді де шебер орындаған Атабек Сарғожин марапатталды.

shabyt3

shabyt2020

Өнерпаздардың барлығына естелік сыйлықтар табыс етілді.

А.Сатаева

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика