Руханияттың алтын көмбесі

Кітап-рухани құндылық, теңдессіз байлық.   Өткен заманның тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты, әдебиетті, басқа да ғылым кереметтерін кітапханадан табасың.  Кітапхана-оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір.  Кітап пен кітапхана тіршілігіне жан беретін ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы да кітапханашылар. 

Көп жылдан бері Сарытоғай ауылдық кітапханасында  еңбек етіп келе жатқан кітапхана меңгерушісі Қарлыға  Айдарова.  Ол оқырмандармен тығыз байланыс жасап,  үнемі кездесулер, кештер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырып жүргені.  Сайлау науқандарына да белсене араласады. Ауданда өтетін байқау, фестивальдерге кітап көрмесімен де қатысып жүр.

Қарлығаның  халық мәдениетін арттыру, өсер ұрпақты елжандылыққа, ұлтжандылыққа  тәрбиелеу, ұлттық өнерді дәріптеу жолында Сарытоғай ауылының мәдениетін дамытуда еңбегі еңбегі еленіп, қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» медалін кеудесіне тақты.  Сонымен қатар ҚР Мәдениет және министрлігінің «Алғыс хатымен» де марапатталды. 

Әлеуметтік желіде де белсенді жұмыс жасап келеді. Көптеген оқырманы бар, үнемі өткізген іс-шараларын салып, оқырмандарына таныстыруды ұмытқан емес.  Кітапхана жұмысының сан қилы әдіс-тәсілдерін жетік меңгеріп, кәсіби шеберлігін одан әрі шыңдап, білікті маман ретінде оқырмандар көңілінен шыға беруіне тілектеспіз.  Төл мерекенің құтты болсын!

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521