Республика күніне арналған «Айбынды, абыройлы, асқақ елім» атты көрме-диалогы өтті

Бүгін Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Айбынды, абыройлы, асқақ елім» атты көрме-диалогы өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кітапханашылар оқырмандарды кітап көрмесімен таныстырып, Республика күні - Ұлттық мерекесінің мән-маңызын түсіндірді. Тарихтан сыр шертетін құнды кітаптар мен басылымдар кітапхана оқырмандарына, мектеп оқушыларына таныстырылды.

- Бүгінгі көрменің негізгі мақсаты - Тәуелсіз Қазақстан туралы, сондай-ақ егемендігіміз бен тарихымыздан сыр шертетін әдебиеттерді ұрпаққа насихаттау. Келушілер кітап көрмесімен танысып, тарихқа  қызығушылықтарын білдіріп жатыр, деді кітапхана директоры Сара Ізмұханбетова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT