Жыл сайын қазан айының соңғы жекскенбісінде әлеуметтік сала қызметкерлерінің күні ретінде атап өтілетіні белгілі. Ол биыл Республика күнімен тұстас келіп отыр. Осыған орай, кәсіби мереке иелері арасында «Мамандығым – жүрек қалауым» тақырыбында біліктілік байқауы өткізілді. Оған Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері қатысты. Өз ісінің майталманы танылып, ұжымдастарының мақтанышына айналған тәжірибелі мамандар қызмет атқаратын мекемелеріндегі инновациялық, жаңашылдық бағыттары бойынга жүзеге асырылып жатқан жобаларды көрме жасақтау арқылы таныстырды. Бұдан басқа сайыскерлер «Алтын таспа» - өнер додасында, зияткерлік сұрақ-жауап, спорттық ойын-жарыс кезеңдерінде өзара сынға түсті.
Мамандығым - жүрек қалауым
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 384