«2019 – жастар жылына» орай жастар демалыс саябағындағы кезекті «Auyl LIFE» жас таланттардың өнер фестиваліне Махамбет аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де белсене қатысып, өз концерттік бағдарламасын ұсынды.
Полиция қызметкерлері Нұрлан Баяқметтің «Мен қазақпын», Атшыбаев Исатайдың «Біздің елдің жігіттері», «Сақшы» әндері жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шараф Бекболат «Мәңгілік ел», Нұржан Т.Досымовтың «Сәйгүлік» әндерін тамылжыта шырқағанда қол соқпаған жан қалмады. Шара Махамбет аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің хорымен мәреге жетті.
Өз тілшіміз