Облыстық суретшілер байқауы қорытындыланды

Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген жасампаз идеяларды жүзеге асыру бағытында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының 20 жылдығына орай облыс суретшілері арасында байқау ұйымдастырылған болатын.

korme6

Тамыз айынан бастау алған байқау қазан айының 31-інде қорытындылады. Аудан әкімдігі және «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы РМҚК-нің ұйымдастыруымен аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінде өткен көрме-байқауға 11 суретшінің жұмысы қабылданып, көрермен назарына ұсынылды. Ашылу салтанатында сөз алған әділқазылар алқасының мүшесі, «Сарайшық» музей қорығы басшысының орынбасары Айбек Тұрарұлы:

- Бұл байқауды ұйымдастырудағы басты мақсатымыз –Сарайшық қалашығының ел тарихындағы орнын айшықтау арқылы ұлтымыздың әлемдік өркениетті, Жібек жолының алтын көпірі ретінде халықаралық ауқымда экономика мен мәдениетті дамытуға септігін тигізгенін насихаттау, сол арқылы жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы мен құрметін арттыру болып табылады, - деп атап өтіп, жеңімпаздарға жүлделерін табыстады.

k

Әділқазы алқасының шешімімен облыстық суретшілер байқауының бас жүлдесі ҚР Көркем академиясының академигі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы Қамбарбек Амановқа берілді.

korme5

korme

І және ІІ орындарға ҚР Суретшілер Одағының мүшелері Тілек Халин мен Отарбай Кендірдің «Сарайшық ханшасы», «Сарайшық: Жібек жолы» атты туындылары лайық деп танылды. Ал, жүлделі ІІІ орынмен екі бірдей белгілі суретшілер Еркін Бозжігітов пен Есім Арыстановтар марапатталды.

k

korme4

Өзге де қатысушыларға «Алғыс хат» ұсынылып, байқау жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар табысталды.

Б.Сапарова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT