«Атырау адалдық алаңы» Махамбет аудандық жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Кітап алмасу» акциясы өтті.
Осыған орай, аудандық Жастар ресурстық орталығында санитарлық талаптарды сақтай отыра, аталмыш акция өтіп, оған аудандық ардагерлер ұйымының мүшесі және журналистика саласының ардагері, зейнеткер Сабырғалиев Марат, аудандық кітапхана қызметкерлері, жастар орталығы мамандары мен студент жастар қатысты.
Акция барысында сөз алған М.Сабырғалиев қай заманда болмасын кітаптың орны биік тұратынын айта келе жастарға М.Дулатовтың, С.Бегалиннің, С.Торайғыровтың еңбектері мен А.Құнанбайұлының қарасөздерін оқуға кеңес берді.
Сонымен қатар жастар да акция барысында қалаған әдебиетін алып, орнына өздері оқыған кітаптарды ұсынды. Қоғам өмірінде түбегейлі шешімін таба алмай тұрған мәселе сыбайлас жемқорлық болса, азаматтарымызды әділеттілік, адалдық, мейірімділік, қайырымдылық сияқты қасиеттерге тәрбиелеу – баршамыздың міндетіміз болып қала бермек.
Қ.МЕҢДІҒАЛИЕВА