«Көне дүние күмбірі» музей түнінде

Махамбет тарихи – өлкетану музейінің қызметкерлері «Ұлы дала тарихы» атты жылжымалы көрмемен Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған «Музейлер шеруі» республикалық акциясы аясында «Көне дүние күмбірі» атты музей түні мерекелік шарасына қатысты.

Музейде бұл түні келушілерге арналып, музей қорларынан алынған бірегей және сирек заттармен етене жақын танысуға мүмкіндік беретін түрлі шаралар ұйымдастырылды.

Бұл музей түнінің өзге күндерден ерекшелігі – келушілерге тегін қызмет көрсетіледі. Олар барлық экспонаттарды тегін тамашалай алады. Мереке аясында түрлі тақырыптарда дәрістер оқылып, жаңа дүниелерді ұсынады.

myzeituni1

Музей түні – ұлттық құндылықтарды дәріптеудің таптырмас құралы. Музейге келген әрбір бала даңғырлаған музыканың үніне емес, домбыраның күмбіріне, қобыздың қоңыр үніне тамсанып қайтуы тиіс. Мәдени шара жоғарғы деңгейде аяқталды. Осындай музей түні шарасы әрі қарай жалғасын тауып, эстафета Ақтөбе облысына жолданды.

Ернар Жақсылықов,

музей қызметкері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT