Өлкеміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ардагер ұстаз Мәтжан Аманғалиев, отбасылық кітапханасында сақтаулы тұрған 460-қа жуық кітабын аудандық орталық кітапханаға шын көңілімен сыйға тартты.
Расында, қасиетті қастерлеп, мәдениетті мәйектеткен жандар ең бақытты, парасатты бағалы адамдар. Осы тұрғыдан келгенде Матжан Аманғалиев ағамыздың өзін алыс арманға, самғау биіктікке жетелеген кітаптарын, үйдегі сөреге тізіп қойғанша, жас буынның игілігіне жаратсақ деген байламы қолдауға тұрарлық деп білеміз.
Өз кезегінде аудандық орталық кітапхана басшысы Шынар Измағамбетова жарқын бастаманың жаршысы болған Мәтжан Аманғалиевқа және оның жары Сарсенғалиева Тыныштық анамызға «Алғыс хат» табыстап, оқырмандар атынан ризашылығын жеткізді.
Күнсая СУХАНҒАЛИЕВА,
Әдістемелік- библиографиялық
бөлімі меңгерушісі