«Алтын домбырада» күйшілер бақ сынады

Композитор, ҚР халық әртісі Әзидолла Есқалиев атындағы байқауға Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Қарақалпақстан елдерінен 19 күйші қатысты, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Байқаудың басты мақсаты – домбыра аспабын кеңінен насихаттап, қазақтың ұлттық өнерін дамыту және жаңадан шығып келе жатқан талантты орындаушыларды анықтау. Шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Жұмабай Қарағаев қатысып, аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың атынан құттықтау хатын оқыды. Сондай-ақ, БҚО-дан келген Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияның әртісі Жарас Сатыбалдиевке байқаудың бас жүлдесін табыстады.

d

Байқау 2 кезең бойынша өтіп, бірінші кезеңде 11 үміткер іріктеліп алынды.

І орынды - Индер аудандық мәдениет үйінің директоры иеленсе;

ІІ орынды - Алматы қ., Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы Динара Нұрбаева мен РФ Астрахан облысы мемлекеттік автономиялық мәдени мекемесінің Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталығының әртісі Ильнур Утепкалиев бөлісті;

domb1

ІІІ орынды – Алматы қ. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Назерке Балтабаева мен Тоғжан Кыдырсихова және Талдықорған қ. «Сазген» фальклорлы-этнографиялық ансамблінің домбырашысы Ботагөз Дүнгенбаева қанжығасына байлады.

dombyra

Сонымен қатар, байқаудың арнайы жүлдесіне «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыка колледжінің студенті Ерқанат Қадыр лайық деп танылды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨҚК

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика