Ерқанат Сайын республикалық «ART Bayterek» байқауында І дәрежелі лауреат атанды

Атырау қаласында «Атадан мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дарынды бүлдіршіндер, мектеп оқушылары жəне жасөспірімдердің басын қосқан республикалық «ART Bayterek» байқауы өтті.

Байқаудың «Эстрадалық вокал» жанры бойынша өнер көрсеткен Махамбет аудандық З.Ещанова атындағы өнер мектебінің вокал сыныбының оқушысы Ерқанат Сайын ерекше өнерімен көзге түсіп, дара шықты. Ол «Джаз әлемі» әнін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

51c6f2dc-1f56-4e9c-be25-2246095cba62

Вокал жанры бойынша қатысқан 54 қатысушының ішінен І дәрежелі лауреат номинациясына ие болған Ерқанат алдағы уақытта Алматы қаласында өтетін Халықаралық байқауға қатысуға 50% жеңілдікке ие болды. Оқушының жетекшісі Аружан Кенжетайқызының да еңбегі бағаланып, алғыс хатпен марапатталды.

 

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521