"Қарагөз"-бен бас жүлдені иеленді.
Драма үйірмелері байқауы жаңа жылдың қарсаңында қорытындыланып, марапаттау шарасы ұйымдастырылды. Әділқазылар алқасының шешімімен Талдыкөл және Есбол ауылдық мәдениет үйлері «Алғыс хатпен», Алға халық театры «Арнайы сыйлықпен» марапатталды.
Жүлделі үшінші орынды Сарайшық және Сарытоғай ауылдық мәдениет үйілері өзара бөліссе, ІІ орын «Жарқын болашақ» жастар қоғамдық бірлестігі мен Жалғансай ауылдық «Шалқыма» мәдениет үйіне бұйырды.
Бірінші орынды Бақжайық ауылдық мәдениет үйі иеленсе, байқаудың бас жүлдесін Мұхтар Әуезовтің «Қарагөзін» сахналаған Ақтоғай ауылдық мәдениет үйі жеңіп алды.
Сондай-ақ, «Үздік ана» бейнесі номинациясына Бақжайық ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Сара Қайырова, «Үздік ер адам» бейнесіне есболдық Бексұлтан Маратұлы және «Үздік әйел» бейнесіне талдыкөлдік Заря Хайрошева лайықты деп танылды.
Қ.АЙТҚАЛИЕВ