Димаш АҚШ президентінің инаугурациясында өнер көрсетті

Онда Димаш Құдайберген қазақтың «Самалтау» халық әнін орындады.

Онда Димаш Құдайберген қазақтың «Самалтау» халық әнін орындады.

АҚШ президенті Джо Байденнің инагурациялау апталығының ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Онда Димаш Құдайберген қазақтың «Самалтау» халық әнін орындады, деп хабарлайды dimashnews.com сайтының баспасөз қызметі.

Дәстүр бойынша салтанатты шараны бауырлас қалалардың халықаралық қауымдастығы &ndash Sister Cities International ұйымы өткізді.

Коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты биыл шара онлайн-режимде өтті.

Мерекеде белгілі спикерлер мен орындаушылар сөз сөйледі, олардың ішінде: губернатор Билл Анабутти, Джозефина Биверс, генерал-майор Армандо Кабада, конгрессмен Элеонора Холмс Нортон, майор Тим Келлер, сенатор Боб Менендез, Кэрол Робертсон Лопез және басқалар бар. Бұған дейін АҚШ-тың сайланған президентін ұлықтау апталығының ашылуында қазақстандық әнші ән шырқамаған. Димаш Құдайберген осындай атаулы мерекеге шақырғандары үшін SCI өкілдеріне өз алғысын білдірді.

Sister Cities International бас директоры Лерой Аллала өз кезегінде қазақстандық орындаушының шығармашылығы адамдарды, олардың мәдениеті мен тілін біріктіретінін атап өтті.

Мұның бәрі президент Эйзенхауэрдің елдер арасында бейбіт қарым-қатынас орнату туралы көзқарасының ажырамас бөлігі болып табылады.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT