Бүгін – Абай күні

Күнсая Суханғалиева «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқыды.

«Ұлылардың ұлысы - Абай». Осындай атаумен Махамбет аудандық кітапханасының оқырмандар залында поэзия кеші өтті.

Кешке кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар қатысты. Барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра өткізілген шарада кітап көрмесі де ұйымдастырылды.

abai-4100820

Бүгінгі тағылымы мол, рухани азық сыйлар шараның мақсаты - оқырмандарға Абайдың ұлы кемеңгер ақын екендігін таныту, қазақ халқы үшін дара да дана ақын болғанын жас ұрпаққа насихаттау. Қазақ халқының ұлы ақыны,кемеңгер ұстазы,рухани айбарлы,туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы – мәңгілік мұра.

abai-2100820

- Ұлы ақынның өлеңдер мен қара сөздерінде ұлт болмысы, дүниетанымы көрінісі тауып, кейіннен Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Абай 175 жылдығы қарсаңында елімізде 10 тамыз – Абай күні болып белгілеп, мерекелік күнтізбеге енгені бәріңізге белгілі. Осы орайда біздің кітапханада да дара ақынның мерейтойына арналған шаралар легі толастаған емес. Елдегі ахуалға қарамастан аз ғана оқырманмен бүгінгі шараны өткізудегі мақсат та бір – Абайдың туған күнінде оның өлеңдерін насихаттау,- деді орталық кітапхананың басшысы Шынар Измағамбетова.

abai100820

Поэзия кешін Алтынзер Талғат ақынның «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма» өлеңімен бастады. Кейін Гүлдана Сәдуақсаова «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», Әкежан Қаниев «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол», кітапхана қызметкерлері Ару Аманғалиева Абайдың 34-ші қара сөзін оқыса, Күнсая Суханғалиева «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқыды.

Әкежан Қаниев, оқырман:

«Абайдың шығрмашылығы маған қатты ұнайды. Қазіргі таңда абайтануды жастарға насихаттап, баршасына оқуға кеңес берер едім. Бүгінгі Абайдың туған күнінде ұйымдастырылып отырған поэзия кеші жоғары деңгейде өтті. Кітапхана ұжымы көп рахмет».

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT