Бүгін облыс көлемінде "Қазақстан халқы тілдері күні" мерекесіне арналған тіл жанашырларын марапаттау рәсімі өтті.
Өңірімізде тіл саясатын жүзеге асыруда еңбек сіңіріп, тіл саясатының қанат жайып, дамуына елеулі үлес қосып, облысымыздың саяси-әлеуметтік, қоғамдық-рухани саласына белсене араласып жүрген бір топ тіл жанашырлары марапатталды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Құрмет грамотасымен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Бекбаева Гюльнар Қырықбайқызы марапатталса, Атырау облысы әкімінің «Алғыс хатына» ауданымыздың белсенді жас тіл жанашыры - Құжырбаев Сейтжан Бауыржанұлы ие болды.
Марапат иелерін шын жүректен құттықтап, еңбектеріне толағай табыс тілейміз!