Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған байқау ережесі

Аймақтық шығармашылық байқауы туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер
 

1. «AMANAT» партиясы аймақтық және Астана, Алматы, Шымкент қалалық филиалдары жас ақындар мен жазушылар арасында аймақтық шығармашылық байқауын (бұдан әрі – байқау) өткізеді.
2. Осы Ереже байқауды өткізу мақсаты мен міндеттерін және тәртібін айқындайды.
3. Байқаудың мақсаты – қазіргі заманғы қазақстандық әдебиетті дамыту және соған қолдау көрсете отырып, өңірлердегі талантты жас қаламгерлердің еңбегіне лайықты баға беру.
4. Тақырыптық ұсыныстар:
➢ Өз шығармасына ұлттық бірегейлікті арқау етеотырып, тың тақырыптарды көтеру және жаңа образдарды сомдау;
➢ Адам құқығы мен шынайы құндылықтарды өзек ету;
➢ Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда ұсынған «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс»ұғымындағы идеялар мен құндылықтарды кеңінен ашу;
➢ Жастарды отаншылдыққа, төл тарихы мен ана тілін қадірлеуге, кітап оқуға шақыру;
➢ Қазіргі бәсекеге қабілетті қазақстандықтың образын насихаттау.
5. Байқаудың ұйымдастырушысы – «AMANAT» партиясының аймақтық филиалы (бұдан әрі –ұйымдастырушы).
6. Аймақтық шығармашылық байқауды өткізуді үйлестіру жұмыстары аймақтық ұйымдастыру комитетіне (одан әрі – аймақтық ұйымдастыру комитеті) жүктеледі. Аймақтық ұйымдастыру комитетінің құрамы аймақтық партия филиалы төрағасы/атқарушы хатшысының бұйрығымен бекітіледі.
7. Аймақтық ұйымдастыру комитеті:
– жергілікті жердегі танымал қаламгерлер мен партия басшылығынан құралады;
– байқауды өткізу тәртібін анықтайды;
– байқауға қажетті құжаттарды әзірлейді;
– байқаудың басталуы туралы партияның аймақтық филиалдарының әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында және облыстық БАҚ-та хабарлама жариялайды;
– байқауға қатысушы үміткерлерден материалдар жинақтайды;
– келіп түскен материалдарды ереже тәртібіне сай іріктеуден өткізіп, аймақтық байқау комиссиясына жолдайды.
8. Аймақтық ұйымдастыру комитеттерінің жалпықұқықтары:
– осы ереженің талаптары мен шарттарына сәйкесболмаған жағдайда үміткерді байқауға қатыстырмау;
– байқаудың барлық қатысушылары үшін тең жағдай жасау;
– байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу;
– аймақтық ұйымдастыру комитеті байқауға ұсынылған шығармалар арасында байқау шарттарына сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.
9. Байқауға келіп түскен жұмыстарды қарау және одан әрі жеңімпаздарды анықтау жас жазушылар мен ақындар арасындағы шығармашылық байқауын өткізу жөніндегі аймақтық байқау комиссиясына (бұдан әрі – байқау комиссиясы) жүктеледі және байқау комиссиясы партияның аймақтық филиалында құрылады.
10. Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін бұқаралық ақпарат құралдарында, партия филиалдарының әлеуметтікжелілердегі ресми аккаунттарында жарияланады.
 

2. Байқауды өткізу тәртібі
 

11. Байқау негізгі үш – «Поэзия», «Проза» және «Балаларға арналған шығарма» номинациясы бойынша өткізіледі.
12. Әрбір номинацияға үш орыннан (І-ІІ-ІІІ) қарастырылады;
13. Ұйымдастырушы мүмкіндігіне қарай жергілікті жердегі зиялы қауым өкілдерінің мерейтойына арналған арнайы жүлде қарастыруына болады.
14. Байқау жүлделерін партияның аймақтық филиалдары анықтайды.
15. Аймақтық ұйымдастыру комитеті келіп түскен шығармаларды бүркеншік атаумен аймақтық байқау комиссиясының қарауына жолдайды.
16. Шығармалар 2024 жылы 19 тамыз күні сағат 9.00-ден 20 қазан күні сағат 18.00-ге дейін қабылданады.
17. Байқауға қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінім қатыстырылмайды.
18. Байқауға келіп түскен жұмыстарды байқау комиссиясы 2024 жылы         21-27 қазанаралығында қарайды. Жұмыс қорытындысы бойынша аймақтық байқау комиссиясы бірлескен шешім арқылы жеңімпаздарды анықтайды.
19. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі партияның аймақтық филиалында 2024 жылдың 31 қазанына дейін өткізіледі.
 

3. Байқау жұмыстарын ұсыну тәртібі
 

20. Байқауға 18-ден 45 жасқа дейінгі автор/авторлар қатысуға құқылы.
21. Бір автор/авторлар тобы тек бір номинацияға қатыса алады.
22. Байқауға қазақ тіліндегі жұмыстар ғана қабылданады.
23. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың тақырыбына шектеу қойылмайды.
24. Байқауға бұрын-соңды жарияланған шығарма қабылданбайды.
25. Әр номинация бойынша өлеңдер циклін қабылдауға мүмкіндік беретін «Поэзия» номинациясын қоспағанда бір шығарма қабылданады.
26. Байқауға әдепсіз сөздерді қамтитын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың этикалық нормалары мен авторлық құқықтарын бұзатын туындылар жіберілмейді.
27. Байқауға қазақ тілінің грамматикалық құрылымы мен емле заңдылығы сақталмаған шығармалар қатыстырылмайды.
28. Автор/авторлар байқауға қатысу үшін өз жұмысын жібере отырып:
– осы жұмысқа авторлық құқықтың бар екеніне кепілдік береді;
– ұйымдастырушының туындыларды (толық немесе ішінара) БАҚ-та, жинақтарда, ғаламторда, әлеуметтік желіде жариялауына рұқсат береді;
– ұйымдастырушыға қаржылық талаптар қоюдан бас тартады.
29. Байқауға қатысу үшін «Проза» номинациясына 30, «Поэзия» номинациясына 10, «Балаларға арналған шығарма» номинациясына 20 беттен аспайтынжұмыстар қабылданады.
30. Байқау жұмыстары А4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықта терілуі керек.
31. Байқауға жіберілетін материалдар:
1) Шығармалар бүркеншік атпен партияның аймақтық филиалының Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. электрондық мекенжайына жолданады.
2) Байқауға ұсынылатын шығармалардың электрондық нұсқасы бөлек файлмен (автордың дерегінсіз) жіберіледі;
3) Шығарма бірінші бетінің оң жағына автордың бүркеншік есімі ғана жазылады. Файл атауында автордың бүркеншік есімі және шығарманың номинациясы көрсетілуі тиіс. Мысалы: qyrdynqyzy_proza;
4) Автор туралы мәлімет, байланыс деректері (А.Ә.Т, тұратын мекенжайы, телефон нөмірі, электронды пошта, мекенжайы, фотосурет, автор туралы қысқаша ақпарат) бөлек файлмен қоса жолданады. Файл атауында автордың бүркеншік есімі және автордың аты-жөні көрсетілуі тиіс. Мысалы: qyrdynqyzy_Гүлнәр Сейітқазы деп сақтауы керек.
 

4. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі
 

32. Жеңімпаздарды анықтау және сыйлықтардыберу байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асады.
33. Аймақтық байқау комиссиясының құрамына жергілікті жердегі танымал қаламгерлер мен ғалымдар, мәдениет қайраткерлері және басқа да тұлғалар кіреді.
34. Аймақтық байқау комиссиясының құрамы аймақтық партия филиалының төрағасы/атқарушы хатшысының бұйрығымен бекітіледі.
35. Аймақтық байқау комиссиясы дауыс беру парағын бекітеді.
36. Аймақтық байқауға қатысу үшін келіп түскен жұмыстарды бағалау кезінде аймақтық байқаукомиссиясы мынадай критерийлерді басшылыққа алады: байқаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі, байқауға ұсынылған жұмыстың өзектілігі, авторлық тұжырымдама дербестігі, материалдардың объективтілігі, жаңашылдығы, дәйектілігі, стилі, баяндау тілі, идеяның бірегейлігі, әдеби-көркем құндылығы, эстетикалық әсер ету тереңдігі.
37. Аймақтық байқау комиссиясының байқауталаптарына сәйкес келмейтін жұмыстарды қарамауға құқығы бар.
38. Аймақтық байқау комиссиясының қорытынды отырысы, егер оған байқау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының 3/2 қатысса, заңды болады.
39. Аймақтық байқау комиссиясының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
40. Аймақтық байқау комиссиясы жүлдеге лайықдеп таныған шығармалардың ерекшелігі туралы берген пікірі мен бағасы марапаттау кешінде жарияланады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT