Қазақстан халықтары Ассамблеясының Атырау облыстық әкімдігі «Қоғамдық келісім» мекемесінде «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының жәдігерлері қойылған «Ғасырларды жалғаған қол еңбегі» атты көрмесі өтті.

Шараның ашылу салтанатында белгілі өлкетанушы Өтепберген Әлімгереев, Ұйғыр этномәдени бірлестігінің басшысы Гулназ Амирова, музей-қорық басшысының орынбасары Айбек Тұрарұлы сөз сөйлеп, Сарайшық тарихына шолу жасап, көрме жұмысына сәттілік тіледі.

Бұл көрменің мақсаты – археологиялық, этнографиялық жәдігерлер және көркем суреттер арқылы Сарайшық қалашығының тарихын көрсету және насихаттау болды.
Сауле ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының жәдігерлермен таныстырушы



