АТЫРАУДА РЕФЕРЕНДУМДА ҚОЛӨНЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТІП ЖАТЫР

Кеңөзек ауылдық округіндегі референдум өткізу жөніндегі No72 сайлау учаскесінде дауыс беруге келген тұрғындарға жәрмеңке ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдері мен қолөнер бұйымдары қолжетімді бағамен сатылуда.
Сондай-ақ көрмеге ұлттық құндылықтарды паш ететін қобыз, былғары колбалар, соммалар, әдемі жамау көрпелер ұсынылды. Оның үстіне бұлардың барлығы жәй жәдігерлер емес, практикалық пайдалануға арналған дүниелер. Ал бұл бұйымдарды Кеңөзек ауылының тұрғындары жасаған. Келген жұртшылық назарына ауылдың өнерлі оқушылары концерттік бағдарламаларын ұсынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT