Атырауда инклюзивті театр ашылады

Бұл туралы «Біз де адамбыз» қорының басшысы Гүлназ Қосмурзиева баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Инклюзивтік театр - бұл физикалық және психикалық даму ерекшеліктері бар адамдардың қатысуымен өтетін сахналық қойылым.

-Театр құру идеясы мүмкіндігі шектеулі жандардың уақытын өткізуге қолайлы орын жоқ деген қорытынды шығарғаннан кейін келді. Идея туындағаннан кейін біз жоба жаздық, жобаға қаржылай донор іздедік, жобамызды қорғадық, қазіргі кезде демеушінің қаржылай қолдауына сүйене отырып, жобаны жүзеге асырудың алғашқы қадамдарына кірістік, деп атап өтті спикер Гүлназ Қосмұрзиева.

Инклюзивті театр аясында 4 шығармашылық үйірме ашылады. Олардың қатарында вокал, би, актерлік шеберлік және сөйлеуді түзеу және дамыту салалары бар. Жыл соңына дейін театр әртістері 2 театрлық қойылым мен 2 шығармашылық кеш ұйымдастырады деп күтілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521