Атырау облысында 80-нен астам ұлт өкілі тұрады

Атырауда 1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі күніне орай «Бір шаңырақ астында…» мәдени-көпшілік шара өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Шарада Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов құттықтау сөз сөйлеп, игі тілегін жеткізді.

- Береке мен бірлік, ынтымақ пен қажырлы еңбекке сүйене отырып, экономикасы дамыған, әлеуеті өркендеген жаңа Қазақстан құру – баршамыздың қасиетті ортақ міндетіміз. «Байлық байлық емес, бірлік – байлық», – деп бекер айтылмаған. Еліміздегі тұрақтылық пен келісімді, ырысты ынтымақты бағалайық, - деді Серік Шәпкенов.

Атырауда 80-нен астам ұлт өкілі тұрады. 19 этномәдени бірлестік бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мына пікірін жадымызда ұстаған дұрыс: «Заман қаншалықты күрделі болса да, біз бағдарымыздан айнымаймыз. Өткеннен тағылым алып, келешекке сеніммен қадам басамыз.

Осы жолда жұртымызға, ең алдымен, ауызбіршілік керек. Ақыл мен сабыр, парасат пен ұстамдылық қажет.

Біз әр шешімді мұқият саралап, әр істі байыппен жасауға тиіспіз. Отаншылдық рухы жоғары ел – көздеген мақсатына қалай да жетеді». Еңбектеген сәбиден еңкейген кәрімізге дейін ортақ айтулы мереке көл-көсір тойға ұлассын.

Қазақстан халқының бірлігі жасасын!

Ел даралығымен, ер даналығымен озсын! -  деді аймақ басшысы.

Мерекелік шара түрлі ұлт өкілдері мен атыраулық өнерпаздардың концертіне ұласты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT