Жалған ақпарат таратқандар жауапкершіліксіз қалмайды

Алға мәдениет үйінде «Дәстүрлі емес діннің қоғамға залалы» атты кездесу кешіне дін саласының мамандары, ауыл жұртшылығы қатысты.

Алға мәдениет үйінің директоры Ілес Боранбай кездесуді ашып, асыл дініміздің қоғамда алатын орнын көрініспен көрсетіп, ауданнан келген дін саласының мамандарын таныстырды.

Аудандық «Исатай-Махамбет» мешітінің ұстазы Асылбек Ермағанбетов ислам діні ата-бабамыздың жолы екенін, алайда, діни сауатсыздықтың, ғаламтор желісіндегі сананы сан саққа жетелейтін ақпараттың таралуы салдарынан қоғамда жастарымыздың теріс ағымдардың шырмауына түсіп қалып жататынын атап өтті. Ол әрбір жас жеткіншек қандайда бір сауалдың жауабын әлеуметтік желіден, көшедегі кез келген адамнан емес, тек мешіттегі имамнан алғаны дұрыстығын, әр ата-ана баласын көзден таса етпей, қадағалауы керектігін ескертті. Бұл пікірге облыстық дін істері басқармасына қарасты ақпараттық-талдау орталығының маманы Аслан Мұхамбеталиев та қосылып, тыйым салынған ақпараттарды таратқаны үшін де жауапқа тартылатынын еске салды.

din04032022-

Алға орта мектебінің зайырлылық және дінтану негіздері пәнінің мұғалімі Айнұр Мажиева №281 бұйрықпен аудан мектептеріне 2014 жылдан бастап «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы енгізілгенін, пән діннің қоғамдағы рөлін, ұлттық дәстүрлерді түсіндіріп, жат ағымдардан сақтандыратынын қаперледі. Сонымен қатар ол ең алғаш діннің пайда болуы, үш дін, көпдінділік жайын оқушылар қаперіне беріп, діни көзқарастарын білу мақсатында әрі тоқсанына бір рет терроризмге байланысты да сауалнамалар жүргізілетінін айта кетті.

oqy040320

Маман А.Мұхамбеталиев Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының арнайы рұқсаты бар басылымдармен таныстырып өтті. Сондай-ақ әкімшілік-құқық бұзғандарға салынатын айыппұлдар мөлшері мен баптарға да тоқталды. Алға ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Расул Мусин, ауыл тұрғындары Қалиолла Әбуов, Алтай Қапанұлы, Ұзақбай Төлеген дін мамандарына сұрақтарын қойып, кездесу кешін ұйымдастырушыларға алғыстарын да білдірді.

Алға мәдениет үйінің директоры Ілес Боранбай кездесуді қорытындылап, кешке атсалысқан «Исатай-Махамбет» мешітінің ұстазы А.Ермағанбетовке, облыстық дін істері басқармасына қарасты ақпараттық-талдау орталығының мамандары А.Мұхамбеталиев пен С.Құжырбаевқа, Алға орта мектебінің мұғалімі А.Мажиеваға алғысын білдірді.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521