Тапқырлық та таланттың белгісі

Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының тапсырысымен «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен аудандық өлкетану мұражайында «Ғибрат» интеллек- туалды сайысы өткізілді.

Сайыста Ақтоғай, Жалған- сай, Махамбет ауылдық округтерінің жастарынан құ- ралған «Ықылас», «Ясин», «Кәусәр» топтары бақ сынасты. Шараның мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру, ұлттық құндылықтар мен дәстүрді дәріптеу, қазақстандық патриотизмді, жастар арасындағы ауыз біршілікті нығайту болды. Жастардың білімдерін саралауда «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының теологі Е.Абзалұлы, аудандық «Исатай-Махамбет» мешітінің бас имамы Е.Насихатұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қобданұлы қазылық етті. Сайыс «Жүзден жүйрік», «Ұлық Имам Әбу Ханифа», «Адамзаттың асыл тәжі», «Құран жанның шипасы» атты тақырыптарды қамтыды. Әр кезеңде қойылған танымдық сұрақтарға жауап беру арқылы жастардың білім деңгейі анықталды. Қорытындысында «Ясин» тобы ІІІ орынға, «Кәусар» тобы ІІ орынға, «Ықылас» тобы І орынға лайықты деп танылды. Жеңімпаздарға алғыс хаттар беріліп түрлі сыйлықтар табыс етілді. Алдағы уақытта да жастардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында түрлі шаралар өткізу жоспарлануда. Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап Дін істері басқармасы ақпараттық-талдау орталығының Махамбет аудандық бөлімшесі ашылып қазіргі таңда өз жұмысын бастаған болатын. Кез келген діни мәселе бойынша орталыққа жолығып, хабарласуларыңызға болады. Мекен-жайы: Абай көшесі №16 аудандық әкімдік ғимараты 1 қабат.

Бетті дайындаған: Баян СҮЙЕУОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521