Махамбет аудандық жастар орталығында Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен өткен аудан жастары арасындағы «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» атты шығарма жазу байқауы өтті.
Мақсаты - қоғамдағы деструктивтік діни ағымдардың таралуының алдын алу, сондай-ақ жастар ортасында қазақ халқының дәстүріне және мәдени мұрасына сәйкес сананы қалыптастыру. Қатысушылардың жазбаларын аудан жастарынан құралған арнайы комиссия мүшелері тексеріп, бағасын берді.
Аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің тілшісі А.Сатаева, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ж.Дүйсембаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Н.Ғинаятова және облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының мамандары С.Құжырбаев, А.Мұхамбеталиевтің ортақ шешімімен Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Наурызова Нұрайна үздік деп танылып, жүлделі І орынды иеленді. Байқаудың жүлделі ІІ орнын Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің оқушысы Айтжан Айкүміс, ал ІІІ орын Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Нәсім Бибі-Фатимаға бұйырды.
Байқауға қатысқан Қуаныш Ақерке, Нұриахмет Гүлнұр, Мүсен Нәсіп, Бағытжанова Индира, Кенжебаев Нұртай, Ибатуллин Ақтілеуге алғыс хаттар табысталды.
С.ҚҰЖЫРБАЕВ,
Атырау облысы Дін істері басқармасы
Ақпараттық-талдау орталығының маманы