Дін ұстай алсаң-қасиетің, ұстай алмасаң-қасіретің

«Өнерпаз» мәдениет үйінде Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы Атырау облысы бойынша филиалының қолдауымен «Рухани құндылық-қоғам бірлігінің негізі» ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани азық» Қазақстан Мұсылмандарының рухани тұжырымдамасына байланысты семинар ұйымдастырылды.

Оған аудандық, ауылдық мешіт имамдары, ардагерлер, ауыл тұрғындары қатысты. Семинарды аудан әкімінң орынбасары С.Аманшиева ашып, жиналғандарға жаңадан тағайындалған «Иманғали» мешітінің бас имамы А. Ұтысханұлын таныстырды. «Иманғали» мешітінің бас имамы А.Ұтысханұлы Атырау облысына бас имам болып тағайындалысымен жұмысын бастап кеткенін, ең басты мақсат- ел тыныштығын, халық бірлігін сақтау, асыл дінімізді ұлықтау екенін баса айтты. Ол ең басты байлық-тәуелсіздік екенін, кеңес заманында дінімізден, ділімізден, тілімізден айырылғанымызды ой елегінен өткізіп, бұрын елімізде 68 мешіт болса, бүгінде оның саны 2600-ге жеткенін, 9 медресе барын, оның 2-і колледж деңгейінде екенін қаперледі.

dinjaneqogam

Бас имам өзінің Нұр-Мүбаракты бітіргенін, магистратураны Египетте тәмамдағанын қосып, Елбасы «Болашақ-жастардың қолында» дегенін еске алды. Мектеп бағдарламасына Абайтану пән ретінде енгізілсе деген ұсынысын тастап, ІІІ республикалық «Рухани құндылық-қоғам бірлігінің негізі» атты имамдар форумында үш құжатпен қатар «Жеті рухани қазық» тұжырымдамасы қабылданып отырғанын айтты. Бұл рухани жеті азыққа-имандылық, отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық, біліктілік, әділдік жатады. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Саменов бас имамға жүректі жылытып, ой-сананы оятқаны үшін алғыс айтып, аудандық мешіт бас имамы да халықпен тығыз байланыста жұмыс жасап жатқанын тілге тиек етті.

Бейбарыс ауылдық округінің әкімі М.Сарсенғалиев ауылда жаңадан бой көтеріп жатқан мешіттің заңды құжаттары әлі рәсімделмегенін алға тартып, бұл мәселені тезірек шешіп беруді сұрады. Облыста 31 мешіт барын айтқан бас имам оның 25-і ғана жұмыс істеп тұрғанын, тек 6-ы имам жоқтықтан жабық тұрғанын меңзеді. Ол бұрынғы бас имам облыста 5 мешіт салынып жатқанын айтып кеткенін де еске салып, әр мешіттің заңға сай құжаттары болуы тиістігін, мешіт үйін салуды көздеген кәсіпкер мешітпен қатар қасына имам үйін де бірге салса деген ұсынысын тастады. Бас имамның жұмысына құтты болсын айтқан зейнеткер Т.Үмбеталиев Елбасының «Жеті қыры» секілді ауданымызға «Жеті рухани азық» әкелгеніне алғысын жаудырып, әрі көкейінде жүрген «Сақалды қай кезде қойған дұрыс? Соңғы кездері тұмшаланып қара киінген қыз-келіншектер көбейді, бұған тосқауыл қойыла ма?» деген сауалын қойып үлгерді.

Дін семинарын аудан әкімінің орынбасары С.Ертлеуқызы қорытындылап, облыстан келген меймандарға ризашылығын білдірді.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT