Атырау облысы мешіт қызметкерлері арасында Салават Келбатырұлының рухына арналған «Әсем әуезді азаншы» атты жарыс өтті.
Азан айтудан облыстық “Иманғали” мешітінің азаншысы Саламат Иманғалиев бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынды жылыойлық Арман Ыбырашев. Ал үшінші орынды Махамбет ауданының бас имамы Ержан Иманғалиев иемденді. Жеңімпаздардың барлығы қомақты қаржылай сыйлықпен марапатталды.
- Облыстық деңгейде өткен азан жарысына жеті ауданды қосқанда қала ішіндегі мешіттердің қызметкерлері барлығы оннан аса адамдай қатыстық. Бұл жарыс мақсаты – адамзатты намазға елді, халықты құлақдар қылып шақыру ниетте болған. Бес уақыт намазға азан айтылады. Осы азан арқылы көптеген адамдардың жүрегіне тура жол сыйлауға болады. Өзге ұлт өкілдері азан әуенін естіген уақытта қызығып, ислам дінін қабылдауы әбден мүмкін. Осындай жағдайлар көптеп кездескен. Осы күнде де, тарихымызда да.Сондықтан азан бес уақыт намазға жамағатты хабарлауға арналған үлкен ұлық. Алланың бір белгісі. Осы жарысқа қатысып, ІІІ орынды иемдендім. Және де екі рет республикалық азаншылар жарысына қатыстым. Аллаға шүкір одан да жүлделі қайтқанбыз. Жақын арада 9-10 қазанда Ақтау қаласында өтетін республикалық азан жарысына бармақпыз.Бүкіл елді дүрліктірген жұқпалы індеттен аман-есен құтылып,мешіттеріміз де жұма намаздарын қайтадан оқитын күнге жамағатпен жетейік!- деді бас имам Ержан Иманғалиев.
«Жайық-Ақпарат»