“Иманғали” мешітінен махамбеттік аз қамтылған 50 отбасына азық-түлік таратылды(+ВИДЕО)

Қасиетті Рамазан айында “Иманғали” мешітінің 20 жылдығына орай, Махамбет ауданында 50 отбасына азық-түлік таратылды деп хабарлайды орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.

“Иманғали” мешіті жанындағы “Ықыласты бауырлар” қайырымдылық орталығы еріктілері Махамбет ауданындағы Сарайшық, Жалғансай, Сарытоғай, Таңдай ауылдарын барып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік апарды.

Барлығы 50 отбасы қамтылған акция аясында азық-түлік алуға 1 миллион теңге қаражат жұмсалған.

“Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, қасиетті Рамазан айында ізгілікті істер жалғасуда. Карантин жағдайына қарамастан, Атырау облысының “Иманғали” мешіті қайырымдылық акцияларын аудандарда жалғастырып отыр. Алла Тағала Рамазандағы әр ізгі ісімізді сауаптан жазсын. Елімізге амандық берсін, тәуелсіздігіміз баянды болсын” дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521