Дене белсенділігі біздің өмірімізде маңызды рөл атқарады.
Бірақ спортпен бәріміз бірдей тұрақты шұғылдана бермейміз. Әсіресе, денсаулыққа пайдалы әсерді таза ауадағы қозғалыс береді. Демалудың кейбір белсенді түрлерінің жоғалып бара жатырғаны өзекті мәселеге айналды. Ал, белсенділіктің болмауы темекі шегу немесе холестириннің жоғары деңгейі денсаулыққа зиянды әсер етеді. Дене тәрбиесімен жүйелі түрде айналысу - көптеген аурулардың (инсульт, инфаркт, демікпе т.б.) алдын алуға септігін тигізіп, адамның барлық мүшелері мен жүйелеріне (эндокринді, экзокринді, жүйке жүйесі, қан-тамыр жүйесі) тікелей әсер етіп, ағзаның қалыпты дамуын қамтамасыз етеді.
Дене тәрбиесі мен спортпен шұғылданудағы негізгі жақсы өзгерістер мыналар: дене бітімі, омыртқаның патологиялық өзгерістері түзеледі, бұлшық еттер дұрыс дамып өседі, күш қалыптасады, жүрек-қан-тамыр жүйесі, буындардың қозғалысы жақсарып, адамда өзіне деген сенім пайда болады. Сүйектің салмағын арттырады, боркеміктен қорғайды. Дене белсенділігінің жағымды әсері психологиялық өрісте де сезіледі. Денсаулық көрсеткіштеріне тікелей әсер ететін фактор бұл - өмір сүру салты, қазіргі кезде оларға тәрбие, тамақтану тәртібі, әдеттер, қозғалыс белсенділігі, репродуктивті тәрбие, ме- дикаменттерді қолдану, бос уақытты ұйымдастыру жатады. Өмір сүру салтының ең тиімді факторы адамның қозғалыс белсенділігі, күн тәртібінің дұрыс ұйымдастырылуы, ағзаға физикалық күштің жеткілікті мөлшерде түсірілуі, адам денсаулығына тікелей әсер етеді. Адам ағзасының қозғалыс белсенділігі табиғи қажетті- ліктің салдарынан азайып, кері байланыс - қартаю процесі жүре бастайды. Осы кезде адамдар дене тәрбиесімен айналысуды тоқтатпай, күнделікті өмір салтына енгізгені жөн. Қазіргі кезде мектеп жасындағы балаларға қозғалмалы спорттық және ұлттық ойындар арқылы күнделікті қажетті қозғалыс белсенділігін толықтырып отыруы қажет. Өсіп келе жатқан ұрпақтың дұрыс қалыптасып, тұлға болып жетілуіне ата-ана, мұғалім, қоғам болып атсалысайық…
С.ҚАБАЗОВА,
аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының маманы.