Вакцинация: 2 миллион теңгенің ұтысы

«Бүгін Атырауда КВИ-ға қарсы вакцинацияланғандар арасында ақшалай ұтыстың 4-ші кезеңі өтеді» деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл кезеңде тамыз айының 1-і мен 10-ы аралығында екпе алғандар үшін 200 мың теңгелік 10 сертификат ойнатылады.

Ал, қыркүйекте осы айдың соңына дейін вакцинацияланғандар арасында тағы 3 миллион теңге көлемінде 2 сертификат ұтысқа түседі.

Айта кетейік, аталған ұтыс ойыны биылғы жылдың 30-шы маусымынан басталып, әр он күн сайын ұтыс иегерлері анықталып отыр.

Финалдық кезең қазан айында өтеді.

Бас жүлде – 10 миллион теңге!

Қомақты қаржы ұтысына 1-ші ақпан – 30 қыркүйек аралығында коронавирусқа қарсы вакцинаның 1 немесе 2 компонентін салдырған тұрғындар қатыса алады.

Айта кетейік, аталған ұтыс ойыны биылғы жылдың 30-шы маусымынан басталды. Осы уақытқа дейін, 32 ұтыс иегері анықталды. Оның екеуі 3 миллион теңгенің иегері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521